"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы ретiнде аккредиттеу туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 04.2-40/88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6279 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

       «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 932 Жарлығымен бекітілген «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы ретiнде аккредиттеу туралы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5633 нөмірімен тіркелген, «Заң газетінде» 2009 жылғы 8 мамырдағы № 69 (1492) жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы ретiнде аккредиттеу ережесінде:
      4-тармақтың 3) тармақшасы мына мазмұнда жазылсын:
      «3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6-тармақтағы «екі» деген сөзі «бір» деген сөзімен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Тіркеу департаменті:
      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен келген күннен кейін бескүндік мерзім ішінде Агенттіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына (Д.Қ. Нұрпейісов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            А. Арыстанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады