«Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 234 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6288 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процессін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263-ІV Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5612 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және мемлекеттік органдарында нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2009 ж., № 5, 344-б. жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      85-тармағының 3) тармақшасының үшінші абзацында:
      «нақтыланған» деген сөзден кейін «баланстардың деректерімен» деген сөздермен толықтырылсын;
      «25» деген сан «12» деген санмен ауыстырылсын;
      «қаржы жылымен» деген сөздерден кейін «бюджет есептілігін ұсыну мерзімінің кестесіне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады