Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 7 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдерінде:
«Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны» бағанында «168 202», «73 946», «169 790» және «1 982 255» деген сандар тиісінше «168 402», «78 946», «171 439», «1 989 104» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев