Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 89 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6347 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының есептілікті ұсыну тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 тіркелген, «Заң газеті» газетасында 2005 жылғы 23 қыркүйекте № 111-112 (736) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесінде:
      2-тармақтың 11) тармақшасында «ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның» деген сөздер «меншікті ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-қосымшаның «Есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің жағдайы бойынша өз активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» кестесінде:
      реттік нөмірі 8-ші бағаны «бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «(құнсыздануға резервтер шегерілгенде)» деген сөздермен толықтырылсын;

«

Саудаға арналған Бағалы қағаздар, оның ішінде

10

                      »
      бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде

10

                      »;

«

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар

12

                      »

      бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға резервтер шегерілген), оның ішінде

12

                      »;
      11-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды түлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде енгізілген өзгерістерге сәйкес «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдірілуін қамтамасыз етсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен 
қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 25 маусымдағы    
№ 89 қаулысына қосымша     

«Жинақтаушы зейнетақы
қорының есеп беру 
ережесіне 11-қосымша

________________________________________________
   (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
_______ жылғы «_____» _________________ жағдай бойынша

Меншікті ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының қалдықтары туралы есеп

(мың теңгемен)

Атауы

Күні, айы, жылы

...

...

Күні, айы, жылы



сомасы

%-бен баланс бойынша активтерге

...

...

сомасы

%-бен баланс бойынша активтерге

1

2

3

4

...

...

...

...

1

Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары, оның ішінде:







1.1.

Кассадағы қолма-қол ақша







1.2.

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шоттарындағы ақша







1.2.1.








1.2.n.








2.

Баланс бойынша активтер сомасы







      Бірінші басшы немесе есепке
      қол қоюға уәкілетті тұлға   _______________ күні ___________

      Бас бухгалтер немесе есепке
      қол қоюға уәкілетті тұлға   _______________ күні ___________

      Орындаушы күні              _______________ күні ___________

      Телефон: ________________________________

      Мөрдің орны».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады