Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6361 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Министр                                           Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 348 бұйрығына қосымша

Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы

      1. Осы Ереже Салық органдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (бұдан әрі - Өтініш) тиісті белгі қою жолымен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растауының не осындай растаудан дәлелді бас тартуының тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      2. Өтініштердің даналарына жанама салықтардың толық төленгенін (Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді салудан босатылуын немесе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Енгізу туралы заң) сәйкес ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленуін, сондай-ақ импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімінің өзгеруін) растайтын белгілерді (бұдан әрі - белгі) салық органы салық органына қағаз тасығышта Өтініш және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қояды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      Салық төлеуші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабына сәйкес Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтарған жағдайда жаңадан табыс етілген Өтініштің (Өтініштердің) даналарына белгі салық органы жаңадан табыс етілген қағаз тасығышта Өтінішті (Өтініштерді) және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттарды (олар болған жағдайда) тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қойылады.
      3. Белгі Өтініш даналарының екінші бөлімінде «_____ ҚҚС теңге сомасында төленді» немесе «____ акциздер теңге сомасында төленді» жолдарында Өтініштің 19 және (немесе) 20 бағандарының қорытынды мәніне тең қосылған құн салығы және (немесе) акциз сомаларын қою арқылы, не ҚҚС және (немесе) акциз салудан босатуды білдіретін «босату» деген сөзді не Енгізу туралы заңның 49-1-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеуді білдіретін «есепке жатқызу әдісі» деген сөздерді не Енгізу туралы заңның 49-бабына сәйкес импортталған тауарларға ҚҚС төлеу мерзімінің өзгергенін білдіретін «кейінге қалдыру» деген сөздерді көрсету арқылы жүргізіледі.
      Өтініш даналарының екінші бөлімінде белгі:
      белгіні қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, белгіні қойған лауазымды тұлғаның қолымен;
      салық органы басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қол қойған күні көрсетіле отырып, оның қолымен;
      салық органының атауы көрсетіле отырып, салық органының мөрімен куәландырылады.
      4. Өтініштің бір данасы салық органында қалады, белгісі бар үш данасы салық төлеушіге не оның өкіліне Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті салық органдарымен тіркеу журналында қол қою арқылы беріледі.
      Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі Өтініштің тиісті үш данасын Журналға қол қойып алады.
      5. Белгі қоюдан бас тартқан жағдайда салық органы белгі қою үшін белгіленген мерзімнен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктер, оларды жою, сондай-ақ табыс етілген Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтару қажеттігі туралы және жаңа Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өтініштерді) табыс ету туралы ұсыныс көрсетілген жазбаша түрде растаудан дәлелді бас тартуды жібереді. Дәлелді бас тартумен бір мезгілде салық заңнамасында көзделген камералды бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.
      Растаудан дәлелді бас тарту салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтініштің және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттардың келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Дәлелді бас тарту нысаны екі экземплярда басып шығарылады. Бұл ретте дәлелді бас тартудың бір экземпляры салық органында қалдырылады, екінші нысаны Өтініштің үш экземплярымен салық төлеушіге немесе оның өкіліне тапсырылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      6. Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту:
      1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар төлеу жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкессіздігі, соның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы Өтініште (Өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкессіздігі анықталған;
      2) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған;
      3) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініште көрсетілген деректердің салық органына электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкессіздігі;
      4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясымен бір мезгілде табыс етілген Өтініш(терде)те көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары мерзімінде төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген;
      5) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) оған байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген;
      6) қағаз тасығышта табыс етілген өтініштер санының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген өтініштердің санына сәйкессіздігі;
      7) Өтінішті толтырудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген талаптарға сәйкессіздігі.
      Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде растаудан дәлелді бас тартылған жағдайда, растаудан дәлелді бас тарту осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген басқа Өтініштердің барлықтары бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады