Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 352 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6364 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-18-бабы4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН.
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 352 бұйрығымен бекітілген

Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері

      1. Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері (бұдан әрі - Ереже) кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша тауарлар бойынша қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеуге бақылау жүргізуді көздейді.
      2. Ережелердің әрекеті осы көрмелерде қойылатын тауарларды (заттарды) өткізуді көздемейтін көрмелерді ұйымдастыру мен өткізуге қолданылмайды.
      3. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы (бұдан әрі ұйымдастырушы) болып уәкілетті орган немесе республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылатын сауда қызметінің субъектісі болып табылады.
      Егер көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушылар бірнеше адам болып табылған жағдайда, онда осы адамдар оның біреуін салық салу мақсатында көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыруға жауапты ұйымдастырушы етіп тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      4. Ұйымдастырушы көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы оны өткізуді бастағанға дейін он жұмыс күнінен бұрын кеден одағына мүше мемлекеттен қатысушылар тізімімен, осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысанда орналасқан орны бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
      Бұл ретте көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтердің болуы тиіс:
      көрмені (жәрмеңкені) ұйымдастырушының атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, егер бар болған жағдайда жеке идентификациялық нөмірі (бизнес-идентификациялық нөмірі) (бұдан әрі - СТН/БСН(ЖСН));
      көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу орны туралы;
      көрме-жәрмеңкелік сауданың басталу және аяқталу күндерін көрсетумен, өткізу мерзімі туралы;
      аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелік сауда үшін әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет туралы;
      кеден одағына мүше мемлекеттерден көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушылардың тізімі және әкелінген тауарлардың атауымен тізім.
      Бұл ретте кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың тізімінде мынадай мәліметтердің болуы тиіс:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың атауы;
      2) ССН/ЕСК - көрмеге (жәрмеңкеге) Ресей Федерациясынан қатысушы - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/есепке қою себебінің коды;
      3) СЕН - көрмеге (жәрмеңкеге) Беларусь Республикасынан қатысушы - салық төлеушінің есептік нөмірі;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының әкелетін тауардың атауы, саны және құны;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеуші (төлеуші) әкелетін тауарлар бойынша бюджетке төлеуі тиіс бойынша қосылған құн салығының сомасы.
      Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:
      1) басшы мен бас бухгалтердің (болған жағдайда) қолдарымен, сонымен қатар ұйымдастырушының мөрімен куәландырылған (болған жағдайда) мынадай құжаттардың көшірмелері:
      көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) оны мақсаты мен нысанасын көрсетумен, осындай көрме және/немесе жәрмеңкені өткізу туралы шешімі;
      көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушылардың ұйымдастырушыны тағайындау туралы шешімі;
      2) жалға алу (сатып алу-сату) келісім-шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу куәлігі ия болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу мақсатында жылжымайтын мүлікке пайдалану құқығын және (немесе) иелік ету және (немесе) билік етуін растайтын өзге де құжаттар;
      3) тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу уақыты мен орнын келісуін растайтын құжат.
      Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырушы бұрын берілген хабарламаны қайтарып алу жолымен бір уақытта жаңа хабарламаны берумен жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      5. Салық органдары көрме-жәрмеңкелік саудада өткізуге арналған тауарларды тексеру жүргізуге, көрме-жәрмеңкелік саудада өткізу орнын қарайды.
      6. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан бұрын-алдын Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығын төленген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі көрме-жәрмеңкелік саудада сатып алған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шарт (келісім-шарт) болған кезде, қосылған құн салығын тауарлардың меншік иесі төлейді.
      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген тауардың кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шартының (келісім-шартының) бір данасы Ұйымдастырушыға беріледі.
      7. Қазақстан Республикасы салық төлеушісі тауарлардың сатып алу-сатуға шартының (келісім-шартының) болмаған кезінде мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      8. Көрме-жәрмеңкелік сауда аяқталған соң ұйымдастырушы осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысанда орналасқан орны бойынша салық органына көрме-жәрмеңкелік сауданы аяқтау айынан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы есепті (бұдан әрі - есеп) табыс етеді.
      9. Салық органына ұйымдастырушы табыс ететін есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) көрмені (жәрмеңкені) ұйымдастырушының атауы, оның СТН-і (БСН/ЖСН);
      2) көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу орны туралы;
      3) көрме-жәрмеңкелік сауданың басталу және аяқталу күндерін көрсетумен, өткізу мерзімі туралы;
      3-1) аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелік сауда үшін әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет туралы;
      3-2) сатылған тауарлардың жалпы құны мен төлеуге тиіс ҚҚС сомасы;
      4) келесі мәліметтермен көрме-жәрмеңкелік сауданың нәтижесі:
      - кеден одағына мүше мемлекеттерден көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушылардың атауы;
      - ССН/ЕСК - көрмеге (жәрмеңкеге) Ресей Федерациясынан қатысушы - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/есепке қою себебінің коды;
      - СЕН - көрмеге (жәрмеңкеге) Беларусь Республикасынан қатысушы - салық төлеушінің есептік нөмірі;
      - кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының әкелетін тауардың атауы, саны және құны;
      - тауардың атауы, саны және құны, қосылған құн салығының сомасы және кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шартқа (келісім-шартқа) сәйкес өткізілген тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің деректемелері;
      - көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) әкеткен тауардың атауы, саны және құны;
      - тауардың атауы, саны және құны, кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шарт (келісім-шарт) болмаған жағдайда, көрме-жәрмеңкелік саудада өткізілген тауарлар бойынша ұйымдастырушы төлеуі тиіс қосылған құн салығының сомасы;
      - көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) әкелетін тауарлар бойынша бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      10. Есепке мыналар қоса беріледі:
      1) көрме-жәрмеңкелік сауданың тауарлары соның негізінде өткізілген кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шарт (келісім-шарт);
      2) қосылған құн салығын төлегені туралы төлем құжаты;
      3) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін растайтын құжат;
      4) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткенін растайтын құжат.
      11. Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша салық төлеуші тапсырған есептің негізінде, салық органы көрме-жәрмеңкелік сауданы аяқтау айынан кейінгі айдың 20 күніне төлеу мерзімі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шотына қосылған құн салығын есептеуді жүргізеді.
      Салық төлеуші көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есепті тапсырмаған кезде, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаның негізінде салық органы көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламада көрсетілген көрме-жәрмеңкелік сауданы аяқтау айынан кейінгі айдың 20 күніне төлеу мерзімі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шотына қосылған құн салығын есептеуді жүргізеді.

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелік сауда
қосылған құн салығын 
төлеуге бақылау жүргізу
Ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА

Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарламаға
қосымша       

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАҒА КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелік сауда
қосылған құн салығын 
төлеуге бақылау жүргізу
Ережесіне 2-қосымша 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА БОЙЫНША ЕСЕП

Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады