"Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 22 шілдедегі № 462 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6410 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Астық туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12) және 15) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3486 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 жылғы тамызда, № 17, 137-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспеде «11)» деген сан «12)» деген санмен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      7-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Астық қолхаттарының тізілімі журнал нысаны бойынша қағаз тасығышта жасалады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті аумақтық бөлімшесінің астық инспекторымен нөмірленуі, тігілуі, қол қойылуы және мөрленуі (күні көрсетілуімен) тиісті.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «10-1. Астық қабылдау кәсіпорны техникалық жарақтандыру бар болған жағдайда қосымша астық қолхаттарының тізілімін электронды түрде жүргізеді, бұл ретте астық қолхаттарының тізілімін міндетті түрде қағаз тасығышта жүргізу жоққа шығарылмайды.
      10-2. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу кезінде, астық қолхаттарының тізілімі астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесiнде көзделген тәртіпте беріледі.».
      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            Е. Аман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады