"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 237 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрдің м.а. 2010 жылғы 30 шілдедегі № 401 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6420 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6263 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 5 маусымдағы № 140 (26201) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «ғылыми тағылымдамаға» деген сөздер «квоталар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Өмірбаев):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Баспасөз қызметі осы ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің веб-сайтында жарияласын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады