"Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кенорындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2010 жылғы 21 шілдедегі N 252 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6441 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы N 194 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің  25.12.2012 N 194 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен орындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2003 жылғы 27 қарашадағы №№ 340-341, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл., № 43-48, 900-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кенорындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесінде:
      1-тармақта:
      «Заңының» деген сөзді «заңдардың» деген сөзге ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтарының» деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      3) тармақшада «іске қосу» деген сөзден кейін «объектiнi» деген сөз алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгiлейтiн, келiсiм-шартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның iс-әрекетi үшiн жер қойнауын пайдаланушы мемлекет алдында мүлiктiк жауапкершiлiкте болады;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) құзыреттi орган – Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен бекітілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өңдеуге келісімшарттарды қоспағанда, бірлескен барлау мен өңдеуге, барлауға, өңдеуге келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
      4-тармақта «Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган)» деген сөздер «уәкiлеттi органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта «өртжарылыс пайдалану және» деген сөздер «жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалануды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. «Kөмiрсутегi газдарын өнiмдi қабаттарға айдау кезiнде оператор жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерасты геодинамикалық үлгілеуді және мониторингті жүзеге асырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібінің департаменті (А.К. Сүйесінов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Ә. Мағауов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      ________________ В. Божко
      2010 жылғы 30 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады