Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен орындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2010 жылғы 21 шілдедегі № 252 бұйрығының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6441 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2010 жылғы 1 қазандағы №№ 258-259 (26319-26320) жарияланған).
2. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин) бір апталық мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспасөз басылымдарына жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С.Мыңбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
___________ В.Божко
2012 жылғы 27 желтоқсан