Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 415 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6454 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 17 тамыздағы
№ 415 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) №

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. __________________________________________________________________

      (қарауды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30

      маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 5-тармағына

      сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға қарау жүргізілсін

      2. __________________________________________________________________

      (қаралатын субъектінің атауы, (ЖСН), заңды және нақты мекенжайы)

      3. __________________________________________________________________

      (қарауды өткізудің мақсаты)

      4. __________________________________________________________________

      (лауазымы, қарауды жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер

      органдары лауазымды адамдарының Т.А.Ж. бар болған жағдайда)

      5. __________________________________________________________________

      (қарауды өткізудің мерзімі)

      6. __________________________________________________________________

      (үй-жайлар мен аумақтарды қарау актісінің нөмірі (қарау өткізілген

      нәтижесі бойынша толтырылады)

      Аумақтық мемлекеттік кірістер органы

      басшысының қолы ______________________

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады