"Туберкулез ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 649 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6457 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5)тармақшасына және 145-бабының 26)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Туберкулез ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінiң
2010 жылғы 18 тамыздағы  
№ 649 бұйрығымен бекiтiлген

«Туберкулез ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. «Туберкулез ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс–шараларды өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ туберкулездің пайда болуы мен таралу қаупін төндіретін санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Осы санитариялық-эпидемиологиялық ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) туберкулез инфекциясының ошағы – бактерия бөлуші науқастың тұратын жері (жекеменшік үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), оқу, жұмыс, демалыс орны;
      2) байланыс – бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқаспен әңгіме үшін барынша жақын арақашықтықтағы немесе тұйық кеңістіктегі адамдар арасындағы өзара іс-қимыл;
      3) байланыста болған адам – сыртқы ортаға туберкулездің микобактериясын бөлетін науқаспен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам.
      3. Туберкулез инфекциясы ошағындағы туберкулезге қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды:
      1) туберкулезбен ауыратын науқасты инфекциялық бақылау ережелерiн сақтай отырып стационарлық жағдайларда оқшаулау және туберкулезге қарсы препараттармен емдеу. Эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтағанда және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген жағдайлар бар болғанда амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі;
      2) науқас анықталған күннен бастап екі апталық мерзімде байланыста болған адамдарды алғашқы зерттеп-қарау;
      3) медициналық көрсеткіштері бойынша байланыста болған адамдарға (17 жасқа дейiнгi балалар мен жасөспiрiмдерге) химиялық профилактика өткізу;
      4) дезинфекция ұйымдастыру және жүргiзу;
      5) науқастар мен олардың отбасы мүшелерiн санитариялық оқыту.
      4. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісімен (бұдан әрі - АМСК), туберкулезге қарсы ұйымдармен (бұдан әрі - ТҚҰ) және ветеринариялық қызмет (келісім бойынша) ұйымдарымен бірлесіп жүргізіледі.

2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар

      5. Бактерия бөлудiң қарқындылығы мынаған бөлінеді:
      1) қышқылға төзімді бактериялардың (бұдан әрі – ҚТБ) нақты санынан 1+ дейін бірқалыпты бактерия бөлуі;
      2) ҚТБ-ның 2+-дан 3+-ға дейiн көлемді бактерия бөлуі.
      6. Туберкулез ошақтарының бiрiншi эпидемиологиялық тобына мыналар жатады:
      1) көлемді бактерия бөлетiн науқастар тұратын ошақтар;
      2) балалар мен жасөспiрiмдер, жүктi әйелдер, маскүнемдер, нашақорлар бар бірқалыпты бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;
      3) санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанарлықсыз және өмір сүру деңгейі төмен ошақтар.
      7. Екiншi эпидемиологиялық топқа осы санитариялық ереженiң 6-тармағының 2), 3) тармақшаларында санамаланған факторлар болмаған жағдайда, ошақта бірқалыпты бактерия бөлетiн науқастар тұратын туберкулез ошақтары жатады.
      8. Туберкулез ошақтарының үшiншi эпидемиологиялық тобына мыналар жатады:
      1) бактерия бөлу тоқтаған, бактерия бөлушiнiң тұратын жерден кеткен, тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған немесе қайтыс болған (оның iшiнде ТҚҰ-ға белгiсiз, туберкулез тек ашқан кезде анықталған науқастар) сәтінен бастап туберкулез ошақтары;
      2) туберкулезбен ауыратын ауыл шаруашылығы малдары анықталған туберкулез ошақтары.
      Туберкулез ошағының үшiншi тобының байланыста болған адамдары бiр жыл бойы бақылауда болады.
      9. Туберкулез инфекциясы ошақтарына топтастырылуына байланысты туберкулезге қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бірлесіп мына тәртіппен барады:
      бірінші эпидемиологиялық топ - тоқсанына кемінде бір рет;
      екінші эпидемиологиялық топ - жарты жылда кемінде бiр рет;
      үшінші эпидемиологиялық топ - жылына кемінде бiр рет.
      10. Туберкулез ошағын эпидемиологиялық бiр топтан екінші топқа ауыстыруды ошақта оның қаупін төмендететін немесе арттыратын жағдайлар өзгерген кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары учаскелік фтизиатрмен бірлесіп жүзеге асырады.
      11. Бактерия бөлуші науқастар санын туберкулезге қарсы ұйымдарда есепте тұрған бактерия бөлушi науқастардың нақты санымен салыстыруды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ай сайын жүргізеді.
      12. Туберкулез ошақтарына әрбір рет бару қорытындылары эпидемиологиялық тексеру картасында көрсетіледі.
      13. Ошақтағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар алғашқы, ағымдық және қорытынды деп бөлiнедi.
      14. Алғашқы іс-шаралар науқасты оқшаулау, ағымдық дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау, ТҚҰ-да байланыста болған адамдарды есепке алу және оларды зерттеп-қарауды қамтиды.
      15. Науқасты бактерия бөлуші ретінде есепке алғаннан кейiн алғашқы 3 күн iшiнде ошақта алғашқы эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргiзiледі, оның барысында эпидемиологиялық зерттеп-қарау картасы толтырылады.
      16. Ошаққа алғаш барғанда науқастың және оның отбасы мүшелерiнiң төлқұжат деректері (А.Т.Ә., жасы, жынысы, мекен-жайы), науқастың жұмыс орны мен сипаты анықталады. Науқас ауырар алдындағы 1 жыл ішінде әртүрлi жерлерде тұрған болса одан әрі іс-шараларды жүргізу барлық мекен-жайларды аралағаннан кейiн шешiледі.
      17. АМСК желісінің және ТҚҰ-ның медицина қызметкерлерi науқасты және отбасы мүшелерiн инфекция жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғаныш шараларына оқытады.
      18. Ошақты зерттеп-қарағаннан кейiн оны сауықтыру жоспары құрылады, оған мыналар кіреді:
      1) науқасты оқшаулау және емдеу;
      2) көрсеткіштер бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге химиялық профилактика жүргiзу;
      3) өмір сүрудің санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту;
      4) байланыста болған адамдарды зерттеп-қарау;
      5) ересек байланыста болғандар мен науқасты эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау ережелерiне, бірінші кезекте үй-жайды желдетуге, ағымдық дезинфекция өткізуге оқыту.
      19. ТҚҰ немесе кабинеттер жоқ ауылдық жерлерде ошақтағы жұмысты АМСК желісінің медицина қызметкерлері жүргiзеді.
      20. АМСК желісіндегі ұйымдастыру-консультациялық жұмысты облыстық және аудандық ТҚҰ мамандары тоқсан сайын жүргiзеді.
      21. Ошақтағы ағымдық іс-шаралар бактерия бөлушi туберкулезбен сырқаттанатын науқас үйде болған жағдайда жүргiзiледі. Бұл іс-шаралар санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), емдеу, ветеринариялық (келісім бойынша) іс-шараларды жүйелі жоспарлы өткізуден тұрады.
      22. Ошақта мыналар жүргізіледі:
      1) ағымдық дезинфекция; балаларды, оның iшiнде жаңа туылған нәрестелердi оқшаулау;
      2) байланыста болғандарды зерттеп қарау;
      3) науқасты және отбасы мүшелерiн гигиеналық тәрбиелеу;
      4) өмір сүрудің санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту;
      5) науқастың амбулаториялық емделуiн және байланыста болғандарға химиялық профилактика өткізу сапасын бақылау (сәбилер бақшасы, бала бақшада, санаториялық балаларды сауықтыру ұйымдарында, мектептерде және амбулаториялық – ата-аналармен).
      6) Ошақты сауықтыру бойынша жұмысты учаскелік фтизиатр дәрiгердiң басшылығымен ТҚҰ-ның мейірбикесі жүргiзеді.
      7) Байланыста болған адамдар ТҚҰ-да мерзімдік зерттеліп-қаралудан өтеді. Мейірбике отбасындағы және басқа да байланыста болғандарды және бірінші кезекте балаларды, жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді, сондай-ақ туберкулезбен ауырған ауыл шаруашылығы малдарымен байланыста болған адамдарды зерттеп-қарау бойынша жұмыс жүргізеді.
      25. Жаңа туылған нәрестелерді БЦЖ (bacilles Calmette-Guerin) вакцинациясынан кейiн вакцинадан кейінгі иммунитет дамығанға дейін босануға көмектесетiн ұйымдарда бактерия бөлетiн науқастардан 2 айға оқшаулайды. Осы іс-шараға науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу немесе баланың ошақтан тыс уақытша тұруы арқылы қол жеткізіледі.
      26. Туберкулез ошағындағы қорытынды іс-шаралар науқас кеткеннен кейін ошақты бақылауды және оны эпидемиологиялық есептен шығаруды қамтиды.
      27. Медицина қызметкерлері ошақтарға барған кезде әлеуетті инфекция жұқтыруға қарсы алдын алу шараларын орындайды (маска, медициналық халат кию және жеке гигиенаны сақтау).
      28. Науқастар туралы хабарлама алғаннан кейiн 7 күн iшiнде фтизиатр мен эпидемиолог жұмыс (оқу) орындарына санитариялық-гигиеналық бөлiм мамандарын тарта отырып эпидемиологиялық зерттеп-қараулар жүргiзеді. Байланыста болған адамдар шеңбері мен ошақтың шекарасын эпидемиолог дәрiгер анықтайды.
      29. Жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болғандар қатарына бактерия бөлетін туберкулездің белсенді түрімен сырқаттанатын науқастың айналасындағы жұмыскерлер, қызметкерлер және оқушылар жатады. Барлық байланыста болған адамдарды жұмыс орны (оқу) бойынша ТҚҰ қарайды.
      30. Эпидемиолог дәрігер гигиенист дәрiгермен бiрiгiп ошақты тексеру актісін жасай отырып науқастың жұмыс (оқу) орны зерттейді, еңбек (оқу) жағдайларын, кәсіптік зияндылығын, микроклиматтық жағдайларды, жұмыс (оқу) күнінің ұзақтығын, ауысымдылығын, тамақтану режимін, профилактикалық флюорографиялық тексерулердің жиілігі мен онымен қамтылуды анықтайды.
      31. Алдыңғы зерттеп-қарау сәтінен бастап 6 ай өткен байланыста болған адамдарға флюрографиялық тексеру және балалар мен жасөспiрiмдерге туберкулин сынамасы мiндетті түрде жүргiзіледі. Көрсеткіштер бойынша фтизиатр химиялық профилактика тағайындауы тиіс; бақылау еміне арналған емшара парағы мен препараттарды ТҚҰ кәсіпорынның немесе ұйымның медициналық пунктіне береді.
      32. Эпидемиологиялық тексеру туберкулездің белсенді түрімен сырқаттанатын науқастарды әрбір тiркеген кезде жүргiзiледі. Оны эпидемиолог дәрігер және фтизиатр осы ұйымға қызмет көрсететін медицина қызметкері мен оның басшысының қатысуымен жүргізеді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының тиісті гигиена бөлімшесінің дәрігері тартылады.
      33. Барлық байланыста болған адамдар туралы мәлiметтер тұрғылықты жерi бойынша оларды қарауға тарту үшін емханаға және ТҚҰ-ға берiледі.
      34. Соматикалық, инфекциялық және психоневрологиялық стационарларда емдеудегі науқастарға туберкулездің белсенді түрі диагнозы қойылған кезде алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін осы ұйымдардың персоналы жүзеге асырады.
      35. Туберкулез ошақтарында ағымдық дезинфекция бактерия бөлушi туберкулезбен сырқаттанатын науқас үйде қалған жағдайда жүргiзiледi. Іс-шаралар науқасқа «Бактерия бөлетiн туберкулез» деген диагноз қойылған және науқас есепке алынған сәттен бастап санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және дезинфекциялық режимдерді сақтауды құрайды. Ошақтағы ағымдық дезинфекцияның ең тиімді тәсілі үй-жайды жиi желдету болып табылады (күнiне 2-3 рет 30-40 минуттан).
      36. Ағымдық дезинфекцияны және оның дұрыс жүргiзiлуiн ТҚҰ анықтайды, олар науқастарға пайдалану үшін түкiргiштер (кемінде 2) және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар бередi. Науқастың амбулаториялық картасына учаскелік дәрiгер ағымдық дезинфекцияны өткізу күнi мен аяқталған күнiн белгiлейді. Ағымдық дезинфекцияны өткізуді науқасқа немесе отбасы мүшелерiнiң бiреуiне тапсырады (балалар мен жасөспiрiмдерден басқа).
      37. Учаскелік фтизиатр туберкулезбен сырқаттанатын науқасты санитариялық-гигиеналық тәртіп ережелеріне оқытады: маска қолдану, қақырықты түкiргішке түкіру және ағымдық дезинфекция жүргiзу. Қақырық жинау үшін науқасқа тығыз жабылатын қақпағы бар екі түкiргiш бөлінеді.
      38. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының дезинфекциялық бөлiмдерi (бөлiмшелері), дезинфекциялық станциялар мен ТҚҰ ағымдық дезинфекцияны ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.
      39. ТҚҰ-ның барлық үй-жайлары жүйелі түрде (күніне 2-3 рет 30-40 минуттан) желдетіледі, ал персонал қорғау дәрежесі жоғары (кемінде 99 %) масканы пайдаланады.
      40. Науқас стационарда болған жағдайда оның киiмдерi арнайы үй-жайда сақталады және оны күндiзгi серуен кезінде пайдалануға жол беріледі.
      41. Науқас ауруханадан шыққаннан кейiн төсек қажеттіліктері (жастықтар, көрпелер, матрастар және басқалары) дезинфекциялық камераларда зарарсыздандырылады.
      42. ТҚҰ-дағы үй-жайлар мен тұрмыстық заттар күнделiктi кемінде 2 рет ылғалды тазаланады.
      43. Түкіргіштерді жинауды, зарарсыздандыруды және беруді дайындалған персонал арнайы бөлінген үй-жайда жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады.
      44. Қолданылған асхана ыдыстарын буфет бөлмесіндегі таңбаланған үстелге қолғаппен жинайды, ол тамақ қалдықтарынан тазалайды, жеке ыдыстарда алдын ала жумастан зарарсыздандырады, сосын жуады және кептіретін шкафтарда немесе жеке үстелде кептіреді.
      45. Ыдыстар ауа стерилизаторында зарарсыздандырылады. Қолданылған ыдыстарды жинағаннан кейiн үстелдер дезинфекциялық ертiндiге батырылған шүберекпен сүртіледі.
      46. Тамақ қалдықтарын сыйымдылыққа (шелек, бак) жинайды, 1:5 қатынасында құрғақ дезинфекциялық құрал себеді. Тамақты термиялық (бумен қайнату қазандықтарында қайнату) әдіспен зарарсыздандырған кезде тамақты мал азығына пайдаланылады.
      47. Лас киім-кешекті сұрыптау арнайы киiммен, респиратормен, қолғаппен, резеңке аяқ киiммен, қабырғалары 1,5 м биiктiкте кафельденген және механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған бөлмеде жүргізіледі.
      48. Киім-кешек клеенка қаптарға жиналады, кiр жуатын орындарға жiберіледі, мұнда оны зарарсыздандырады. Жеке кiр жуатын орын болмаған жағдайда киім-кешек кір жуатын орынға жiберер алдында алдын ала зарасыздандырылады және белгiленген күндерi жеке машиналарда жуылады.
      49. ТҚҰ-да инфекцияның нозокомиалды берілуінің алдын алу бойынша іс-шаралар «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6430 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      50. Ауыр жағдайларды қоспағанда стационардағы науқастарға баруға жол берілмейді. Бұл ретте келушiлер жеке қорғаныш құралдарын (халат, маска) пайдаланады.
      51. ТҚҰ-да қорытынды дезинфекция жылына 2 рет және барлық қайта бейіндеу, көшкен, реконструкцияланған, жөнделген жағдайларда жүргiзiледі.
      52. Қорытынды дезинфекцияны осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес зарарсыздандыру режимдері мен құралдарының, тәсілдерінің бірімен жүргiзеді.
      53. Ошақтарда қорытынды дезинфекцияны ТҚҰ-нан тапсырыс алынған уақыттан бастап 6 (қала) немесе 12 (ауыл) сағат iшiнде дезинфекциялық станция, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының дезинфекция бөлiмінің (бөлiмшесі) қызметкерлерi жүргiзеді.
      54. ТҚҰ-да қорытынды дезинфекция Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық препараттармен жүргiзіледі.
      55. Қорытынды дезинфекция:
      1) науқас ошақтан кеткен және үйде қайтыс болған барлық жағдайларда;
      2) көшкеннен кейін тұрғылықты жерi өзгергенде (пәтердi немесе бөлменi заттарымен қосып өңдеу) жүзеге асырылады.
      56. Науқас жыл бойы ошақтан кетпеген жағдайда қорытынды дезинфекцияның жиілігі туберкулез инфекциясы ошағының топтастырылуына байланысты болады және осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүргiзiледі.

«Туберкулез ошақтарында санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды өткізуге қойылатын   
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне        
1-қосымша             

Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру әдiстерi, құралдары және режимдері

р/с

Зарарсыздандыратын объектілер атауы

Ағымдық дезинфекция кезінде

Дезинфекция әдiстерi мен құралдары

Зарарсыздандыру режимі

%-тегi шоғырлану

Минутына экзпозиция

1.

Қақырығы бар түкiргiштер

1. Қақпақтарын ашпай түкiргiштердi автоклавтау.

+1320С
2 атмосф.

60

2. Қақырығы бар ашық түкiргiштерді жабылатын қақпағы бар сыйымдылыққа Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың бірінің ерітіндісіне батырады.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

2.

Қақырық

1. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құрғақ дезинфекциялық құралды себеді

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

3.

Түкiргiштер (қақырық пен қақпақтан босатылған)

1. Сода ерiтiндiсінде қайнату

2,0

15

2. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың бірінің ерітіндісіне батыру

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

4.

Тамақ қалдықтарынан босатылған ыдыс: шай ыдысы, шанышқылар, тот баспайтын болаттан жасалған пышақтар, алюминий ыдыс, дәрi құтылары

1. Сода ерiтiндiсінде қайнату

2,0

15

2. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар ерітінділерінің біріне батыру

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

3. Ауа стерилизаторында өңдеу

+1800С

60

5.

Тамақ қалдықтары

1. Қайнату

-

30

2. Себу – тамақ қалдықтары мен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар қатынасы

1:5

120

6.

Киім-кешек (төсек әбзелдері, асхана, денеге киетін, жиһаз қаптары)

1. Сода ерiтiндiсінде қайнату

2,0

15

2. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың бірінің ерітіндісіне салып қою

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

7.

Бет орамалдар, түкiргiштерді салатын қалталар, фланель және мақта-мата қаптар

1. Сода ерiтiндiсінде қайнату

2,0

15

2. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың бірінің ерітіндісіне салып қою

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

8.

Резеңке бұйымдар

1. Қайнату

-

30

2. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар ерітінділерінің біріне батыру

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

3. Автоклавтау

+1320С
2 атмосф.

60

9.

Киетiн киiмдер мен төсек қажеттіліктері

Желдетiп, ыстық үтiкпен үтiктейді. Дақ болған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың бірінің ерітіндісіне салынған тампонмен сүртедi.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

10.

Аурухана бөлмелерiндегі (қабырғалар, есiктер, жиһаз), емдеу бөлмелерiндегі, жаппай қолданатын орындардағы үй-жайлар

1. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың ерітіндісімен сулау

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

2. Сабын-сода ерiтiндiсінде суланған шүберекпен жуу

2%


11.

Қол жуғыштар, писсуарлар, унитаздар, крандар, раковиналар, ванналар

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен өңдеу

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

12.

Жұмсақ жиһаз, тұрмыстық ұсақ заттар

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың бірінің ерітіндісінде суланған шүберекпен сүртеді.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

13.

Ойыншықтар: металл, резеңке, ағаш, пластмасса

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар ерітінділерінің бірінде зарарсыздандыру

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

14.

Жұмсақ ойыншықтар мен төсек қажеттіліктері

Камералық дезинфекция



15.

Клизмаға арналған ұштықтар

1. Автоклавтау

+1320С
2 атмосф.

60

2. Қайнату

-

30

3. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар ерітінділерінің біріне салып қою

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

16.

Науқастарды күтуге арналған заттар: астына қоятын дәрет ыдысы, несеп қабылдағыштар, астыға қоятын дөңгелектер

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар ерітінділерінің біріне салып қою

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

17.

Науқастардың аяқ киiмдері

Сiрке қышқылы ерітіндісімен суланған тампонмен сүрту және экспозициямен ұстау

40%

180

18.

Жинау құралдары

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың бірінің ерітіндісімен зарарсыздандыру немесе салып қою

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

19.

Бөлiнділер (несеп, үлкен дәрет)

2-тармақта көрсетілген режимдер бойынша зарарсыздандыру



20.

Даладағы дәретханалар мен қоқыс төгетiн орлар

Тығыз жауып, толып кетуіне жол бермей күтіп-ұстау.



Дәретхана үй-жайларын Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың ерітінділерінің бірімен күнделiктi дезинфекциялау немесе дезинфекциялық құрал себу.
Қоқысты өртейді немесе 2-тармақ режимі бойынша зарарсыздандырады.



21.

Көлiк

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдардың ерітіндісіне суланған шүберекпен сүрту

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқау) сәйкес

«Туберкулез ошақтарында санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық) 
іс-шараларды өткізуге қойылатын  
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне 2-қосымша   

Туберкулез инфекциясы ошақтарын топтастыру және оларда профилактикалық іс-шараларды өткізу

Ошақтардың эпидемиологиялық тобы

Ошаққа фтизиатр, эпидемиолог дәрігерлердің баруы

Ошаққа эпидемиологтың көмекшiлерi мен мейірбикелердің баруы

Байланыста болғандарды зерттеп-қарау және ошақта профилактикалық іс-шаралар жүргiзу

Ағымдық дезинфекция көлемi

Қорытынды дезинфекция өткізу жиілігі

Бiрiншi

Бактерия бөлу тоқтағанға дейін, тоқсанына 1 рет

Бактерия бөлу тоқтағанға дейін, айына 1 рет

Клиникалық тексеру, рентгенологиялық зерттеп-қарау, жарты жылда 1 рет қан мен зәрдiң талдауы. Көрсеткіштер бойынша –бактериоскопиялық зерттеу. Балалар мен жасөспiрiмдерге (18 жасқа дейін) жарты жылда 1 рет қосымша Манту сынамасы жүргiзіледі.
Инфекция жұқтырмаған балалар мен жасөспiрiмдерге туберкулезге қарсы егулер өткізіледі. Туберкулезге қарсы егулердiң аралығы кемінде 5 жыл. БЦЖ вакцинасына тыртық болмаған жағдайда – қайта егу. Балаларды оқшаулау. Байланыста болған балалар мен жасөспiрiмдерге ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес химиялық профилактика жүргiзiледi.

Объектілерді зарарсыздан-дыру: түкiргiштерді, ыдыстарды, киім-кешекті, қақырық, үй-жайды жинау құралдары. Үй-жайды дезинфекция-лық құралдарды міндетті түрде қолдана отырып күнделiктi жинау. Үй-жайды желдету. Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану.

Жылына 2 рет

Екiншi

Жарты жылда 1 рет

Екi айда 1 рет

Бірінші эпидемиологиялық топ ошағындағыдай, бiрақ жылына 1 рет.

Бірінші эпидемиологиялық топтағыдай объектілерді зарарсыздандыру

Жылына 1 рет

Үшiншi

Жылына 1 рет

Тоқсанына 1 рет

Бірінші эпидемиологиялық ошағындағыдай, бiрақ жылына 1 рет.

Үй-жайды күнделiктi ылғалды жинау

Жүргiзiлмейдi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады