Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы N 369 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6487 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің    
2010 жылғы 20 тамыздағы
№ 369 бұйрығымен   
бекітілген     

Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына
кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Талапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.02.2016 № 191 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жоғары білім;
      2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталатын азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл (немесе басқа салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл, кейіннен тағайындалған күнінен бастап үш ай ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету курсынан өту шартымен) жұмыс тәжірибесі;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады