Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихтының 2011.06.26 N 458/63-IV шешімімен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Созылмалы миелолейкозбен ауыратын науқастар 2010 жылғы жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Нилотиниб» (Тасигна, 200 мг капсулалары) препаратымен амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы Е. Оспанов
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы В. Редкокашин
КЕЛІСІЛДІ
Астана қаласы денсаулық
сақтау басқармасының бастығы Д. Есімов
Астана қаласы экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы Ж. Нұрпейісов