Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2012 № 158-115 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар;
6) елу жасқа толған тұлғалар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақасы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
17) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар).
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма):
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдасын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Жұмыс берушілер:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
2) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат берсін;
3) Басқармаға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
4) Басқарма берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Басқарма оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
4. Басқарма әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
5. Астана қаласы әкімдігінің:
"Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2010 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 23-1қ қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 618 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2010 жылғы 20 ақпандағы № 19; "Вечерняя Астана" газетінің 2010 жылғы 20 ақпандағы № 21 жарияланған).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов