Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 715 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 158-40 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2013.01.09 № 158-40 Қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 57-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар;
      6) елу жасқа толған тұлғалар;
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
      16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
      17) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар).
      18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарға.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2012.05.23 № 158-611 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс берушілер:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
      2) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын Басқармаға толық көлемде ақпарат берсін;
      3) Басқармаға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
      4) Басқарма берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Басқарма оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
      4. Басқарма әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      5. «Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2011 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 23-1147қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 664 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 5, «Вечерняя Астана» газетінің 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 6 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкiм                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады