Қосымша дәрілік затпен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 320/45-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 27 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 622 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихтының 2011 жылғы 26 маусымдағы N 458/63-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихтының 2011.06.26 N 458/63-IV шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабындағы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2010 жылғы жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Муковисцидоз» дертімен ауыратын науқастар амбулаториялық деңгейде Пульмозим («дорназа альфа») және Колистин («полимиксин Е») дәрілерімен тегін қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                        В. Петрущак

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Астана қаласы денсаулық сақтау
      басқармасы бастығы                                    Д. Есімов

      Астана қаласы экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                                  Б. Сағын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады