1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 344/46-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 21 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 631 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.03 N № 435/58-IV шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.03 N № 435/58-IV шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 20-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңның 8-бабын және «Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                         Ю. Келигов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 344/46-ІV шешімімен 
бекітілген      

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын
мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, сондай-ақ «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын Қазақстан Республикасында мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысын орындау мақсатында әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек):
      1) Астананың ардагерлер делегациясының мүшелерін Мәскеу қаласындағы, Астана қаласындағы Жеңіс Шеруіне қатысу үшін бірыңғай киім нысанымен қамтамасыз ету;
      2) Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Украина мен Еуроодақ елдері аумағындағы батыр қалаларға және әскери даңқты қалаларға, қазақстандық-майдангерлер соғысқан және жерленген орындарға бару үшін «Естелік Эстафетасы» қазақстандық делегациясы қатысушыларын:
      Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының мемлекеттік әскери мұрағаттарында мұрағаттық-іздеу жұмыстарын жүргізу үшін іздеу экспедициялары қатысушыларының;
      «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз!» 5-ші Халықаралық акциясына қатысу үшін Қазақстан Республикасы делегациясы қатысушыларының (бұдан әрі - Қатысушылар) жолақысын, тамақтануын және тұруын төлеуді қамтамасыз ету;
      3) азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы ақшалай төлемдер.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2010.07.29 № 381/50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      2. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
      3. Әлеуметтік көмек әкімшісі «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылатын (бұдан әрі - Әкімші) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес 2010 жылғы қала бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ұсынылады.
      4. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Әкімші мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметтерді жеткізушіні (бұдан әрі - Жеткізушілер) анықтайды, тараптардың міндеттемелері және ол міндеттемелерді орындау талаптары жазылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады.

2. Астаналық ардагерлер делегациясының мүшелерін Мәскеу
қаласындағы, Астана қаласындағы Жеңіс Шеруіне қатысу үшін
бірыңғай киім нысанымен қамтамасыз ету

      5. Мәскеу қаласындағы, Астана қаласындағы Жеңіс Шеруіне қатысатын ардагерлер делегациясының мүшелері (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері) киімнің толық жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
      6. Киімнің толық жиынтығына: қара түсті костюм және пальто (плащ), көгілдір ақығы түсті берет және галстук, ақ жейде, қара түсті аяқ киім кіреді.
      7. Толық емес жиынтықпен (тек қана костюммен) өздігінен жүріп-тұру қабілетінен айырылған қалалық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері қамтамасыз етіледі.
      8. Киімнің бірыңғай үлгісін беруді Әкімші жүргізеді.

3. Қатысушылардың жолақысын, тамақтануын және тұруын төлеуді
қамтамасыз ету

      9. Батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына, Ресей Федерациясы аумағында, Беларусь Республикасы, Украина, Еуроодақ елдері ұрыс жерлеріне, қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге баратын «Естелік Эстафетасы» қазақстандық делегациясының құрамына, сондай-ақ Мәскеу қаласында «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз» 5-ші Халықаралық акциясына қатысатын қазақстандық делегациялардың құрамына:
      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері);
      майдангерлер отбасының мүшелері;
      интернационалист-жауынгерлер (басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарында қатысушылар);
      Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың ардагерлері мен әскери қызметшілері;
      әскери оқу орындарының курсанттар, кадеттер және тәрбиеленушілері;
      жастар ҮЕҰ-ның белсенділері кіреді.
      10. Қазақстандық делегацияның құрамына әрбір санаттан төрттен кем емес өкілі кіреді. Майдангерлер отбасының мүшелері отбасынан бір адамнан кем емес ардагерлердің жерленген орындарына жіберіледі.
      Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мемлекеттік  әскери мұрағаттарында мұрағаттық-іздеу жұмыстарын жүргізу үшін іздеу делегациясының тобы 6 адамнан кем емес болуы тиіс.
      11. Қатысушыларға ТМД елдері бойынша темір жол және (немесе)  әуе көліктерімен және Еуроодақ елдері бойынша әуе көліктерімен бір рет тегін жол жүріп баруы мен кері қайтуы және жол жүру уақыты ескеріліп, тамақтану және тұру шығындарын төлеу қамтамасыз етіледі.
      12. Қатысушылардың тамақтану және тұруының ақысын қамтамасыз ету, бару бекеттерінде келген кезінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңде жүзеге асырылады.

§ 1. Жол жүру құжаттарымен (билеттерімен) қамтамасыз ету
тәртібі

      13. Жол жүру құжаттары пойыздардың барлық санаттарына купелік немесе плацкарттық вагондардағы темір жол көліктеріне және (немесе) «Экономикалық» класс әуе көліктеріне толық жол жүру бағытына (жүру бекетінен бару бекетіне дейін және кері қайтуына) беріледі.
      Жол жүру бағыты бірнеше келу және шығу бекеттерінен тұруы мүмкін.
      14. Баратын орынға дейінгі тура темір жол (әуе) жол жүру бағыты болмаған жағдайда, жол жүру құжаттары бару бекетіне жақын елді мекенге дейін беріледі. Ең соңғы жол жүру бекетіне дейінгі жол жүру ақысына шығыстар Қатысушыларға қайтып оралғаннан кейін растайтын құжаттарды ұсынғанда өтеледі.
      15. Қатысушы жол жүру құжаттарын алу үшін жоспарланған жол жүруге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей келесі құжаттарды:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      2) Қатысушының мәртебесін растайтын құжатты (санатына қарай - белгіленген зейнеткерлік куәлігі, қызметтік куәлігі, әскери оқу орындарынан, жастар қоғамдық бірлестіктерінен анықтамалар, майдангерлердің отбасылары мүшелерінің туыстық қатынастарын растайтын мұрағаттық және басқа да анықтамалар, ардагердің жерленген орнын растайтын құжат, анықталған жерлеу орындарына бару жөніндегі шақырушы тараптың шақыру хаты, баска да құжаттарды);
      3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжатты;
      4) азаматтарды тіркеу кітабын немесе мекен-жай анықтамасын Әкімшіге ұсынады.
      Қатысушы баратын мемлекетте визалық режим болған жағдайда, визалық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді Қатысушы өздігінен жүзеге асырады.
      16. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Қатысушы хабарласқан кезден бастап Әкімші екі жұмыс күні ішінде өтінімді қалыптастырады және оны жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға тапсырады.
      17. Жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген толық жол жүру бағытына оларды дайындайды және оларды осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылған қабылдау-тапсыру актісіне сай Әкімшіге тапсырады.
      18. Жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар өтінімде көрсетілген бару орнына дейін тура темір жол (әуе) бағыты болмаған жағдайда, осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бұл жөнінде Әкімшіні бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      19. Әкімші жол жүру құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде оларды Қатысушыға тапсырады.
      20. Әкімші қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған кезден бастап он банктік күн ішінде қолма-қол ақшасыз нысанда жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға олардың құнын төлейді.
      21. Егер Қатысушы жол жүруден бас тартса, жол жүру құжаттарын Әкімшіге қайтарады.
      22. Әкімші пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын оларды беретін ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарады.

§ 2. Тамақтану және тұру шығындарын өтеу тәртібі

      23. Қатысушылардың тамақтану және тұру шығындарын өтеу осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес үш жұлдызды қонақ үйлерде бір орынды стандарттық нөмірлерді жалға алу шығындарын өтеу нормасы шегінде және тәуліктік шығындарды өтеу нормасына байланысты жүзеге асырылады.
      24. Тәуліктік есеп беру, жолда жүру және кері қайту уақыты ескеріліп бару бекетінде болу уақытына жүргізіледі.
      25. Қатысушы жол жүруді Әкімшіге хабарласпай жүзеге асырған жағдайда, оған жол жүру құны 2010 жылдың 31 қазанынан кешіктірмей Әкімшіге осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес өтінішпен хабарласқанда және:
      пайдаланылған жол жүру құжаттарын не оларды сатып алғандығын растайтын жол жүру құжаттарын беретін ұйымдардың анықтамасын;
      үш жұлдызды қонақ үйдегі бір орындық нөмірдің құнынан аспайтын қонақ үйде болғанын және мұндай қонақ үйде тұру құнын растайтын құжаттарды;
      нақты шығындарды растайтын құжаттарды, бұл ретте тәуліктік шығындар нормативтерден төленеді;
      осы Ереженің 15-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде өтеледі.
      Жол жүру құнын өтеу бір ай ішінде өтініште көрсетілген Қатысушының екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүргізіледі.

4. Біржолғы ақшалай төлемдер

      26. Біржолғы ақшалай төлемдер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде төленеді.
      27. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлесін қосқаны үшін республикалық бюджет қаражатынан біржолғы материалдық көмекті бұрын алмаған, «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Астана қалалық филиалына (бұдан әрі - ЗТМО) 2010 жылғы 1 сәуірден кейін есепке тұрған төмендегідей санаттардағы азаматтарға да мынадай көлемде біржолғы ақшалай төлемдер төлеу жүзеге асырылады:
      1) 65 000 (алпыс бес мың) теңге:
      бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне;
      бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге;
      майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қосып есептелген қалалардың Ұлы Отан соғысы кезінде қорғанысына қатысып, әскери қызметті атқарған әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген  әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына, не тиісті кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттарда зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына қосып есептелген қалалардың қорғанысына қатысқан адамдарға;
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнга ретінде болған адамдарға;
      екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құрамалар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға;
      2) 25 000 (жиырма бес мың) теңге:
      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне;
      қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге;
      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
      1944 жылғы 1 қаңтармен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға;
      1941 жылғы 22 маусыммен 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен наградталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға;
      Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің ата-аналарына және қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына);
      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге отырмаған әйеліндеріне (күйеулеріне);
      1944 жылғы 1 қаңтармен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      3) 10 000 (он мың) теңге - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға.
      Біржолғы ақшалай төлемді бірнеше негіздеме бойынша бір мезгілде алуға құқығы бар тұлғаларға төлем олардың таңдауы бойынша бір негіздеме бойынша жүзеге асырылады.
      Жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың ЗТМО 2010 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ұсынған тізімдерінің негізінде 2010 жылғы 1 қазанға дейін төлем жүргізіледі.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2010.07.29 № 381/50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

1941-1945 жылдардағы     
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің   
65 жылдығын мерекелеуге байланысты
Астана қаласы азаматтарының  
жекелеген санаттарына қосымша 
әлеуметтік көмек көрсету ережесіне
1-қосымша          

Астана қаласының Жұмыспен қамту және         
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы
______________________________________________
мекен-жаиында тұратын                        
______________________________________________
_____________________________________________,
жеке куәлігі (төлқұжат)                      

Өтініш

      Көлікпен (көліктің түрін көрсету қажет: темір жол немесе әуе) жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) төмендегідей бағдар бойынша беруіңізді сұраймын:

      _____________________________      ____________________________
            шығу (орны, күні)                  оралу (орны, күні)
      _____________________________      ____________________________
            шығу (орны, күні)                  оралу (орны, күні)
      _____________________________      ____________________________
            шығу (орны, күні)                  оралу (орны, күні)

      Сапарға шығу мүмкіндігім болмаған жағдайда шығуға үш күн қалғанға дейінгі мерзімде жол жүру құжаттарын (билеттерін) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қайтарып беруге міндеттенемін.

      Күні ____________________                      Қолы ___________
      Өтініш қабылданды _______________________      Қолы ___________

1941-1945 жылдардағы      
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің    
65 жылдығын мерекелеуге байланысты
Астана қаласы азаматтарының   
жекелеген санаттарына қосымша  
әлеуметтік көмек көрсету ережесіне
2-қосымша           

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға өтінім

Р/с

Аты-жөні

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағдары

Көлік түрі (вагон түрі көрсетілген темір жол көлігі, әуе көлігі)

1

2

3

4

5

6



















      М.О.
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасының бастығы              Аты-жөні, қолы

1941-1945 жылдардағы     
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің   
65 жылдығын мерекелеуге байланысты
Астана қаласы азаматтарының  
жекелеген санаттарына қосымша 
әлеуметтік көмек көрсету ережесіне
3-қосымша          

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдау-тапсыру актісі

Р/с

Аты- жөні

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағдары

Билет нөмірі

Көлік түрі (вагон түрі көрсетілген темір жол көлігі, әуе көлігі, автокөлік (автобус)

Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құны, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8









      М.О. Тапсырды:
      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген
      бөлімшенің басшысы                               Аты-жөні, қолы

      М.О. Қабылдады
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасының бастығы              Аты-жөні, қолы

1941-1945 жылдардағы      
Үлы Отан соғысы Жеңісінің    
65 жылдығын мерекелеуге байланысты
Астана қаласы азаматтарының   
жекелеген санаттарына қосымша  
әлеуметтік көмек көрсету ережесіне
4-қосымша          

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға жазылған өтінімге сәйкес
жол жүру құжаттарын (билеттерін) берілмеуі туралы хабарлама

Р/с

Аты-жөні

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағдары

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) бермеу себептері

1

2

3

4

5






      М.О.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген
      бөлімшенің басшысы                               Аты-жөні, қолы

1941-1945 жылдардағы      
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің    
65 жылдығын мерекелеуге байланысты
Астана қаласы азаматтарының   
жекелеген санаттарына қосымша  
әлеуметтік көмек көрсету ережесіне
5-қосымша           

Астана қаласының Жұмыспен қамту және         
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы
______________________________________________
мекен-жайында тұратын                        
______________________________________________
_____________________________________________,
жеке куәлік № (төлқұжат)                     
дербес шот № __________________              

Өтініш

      Маған 2010 жылы автобуспен облыс ішіндегі қатынаспен төмендегі бағдар (бағдарлар) бойынша жол сапарымның (жөнелту пунктінен бару пунктіне дейін және кері) толық құнын өтеуді сұраймын:

      _____________________________      ____________________________
            шығу (орны, күні)                  оралу (орны, күні)
      _____________________________      ____________________________
            шығу (орны, күні)                  оралу (орны, күні)
      _____________________________      ____________________________
            шығу (орны, күні)                  оралу (орны, күні)

      Сапар құнын растайтын құжаттар қоса беріліп отыр:
      _____________________________________________
      _____________________________________________
      _____________________________________________

      Күні ____________________                      Қолы ___________
      Өтініш қабылданды __________________           Қолы ___________

1941-1945 жылдардағы      
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің    
65 жылдығын мерекелеуге байланысты
Астана қаласы азаматтарының   
жекелеген санаттарына қосымша  
әлеуметтік көмек көрсету ережесіне
6-қосымша           

Тәуліктік шығыстарды өтеу нормалары және Ресей Федерациясының,
Беларусь Республикасының және Еуроодақ елдерінің қонақ
үйлеріндегі бір орындық стандартты нөмірлерді жалдау жөніндегі
шығыстарды өтеудің шекті нормалары

Р/с №

Мемлекет

Тәуліктік (АҚШ доллары)

Тұру орнын жалдау жөніндегі шығыстар (АҚШ доллары)

1.

Австрия Республикасы

100

276

2.

Люксембург Ұлы Горцогтігі

100

135

3.

Грек Республикасы

100

225

4.

Ирландия Республикасы

100

200

5.

Италия Республикасы

100

250

6.

Дания Корольдігі

100

180

7.

Бельгия Корольдігі

100

200

8.

Испания Корольдігі

100

250

9.

Нидерланд Корольдігі

100

200

10.

Швед Корольдігі

100

240

11.

Латыш Республикасы

100

100

12.

Литва Республикасы

100

120

13.

Португалия Республикасы

100

180

14.

Беларусь Республикасы

80

100

15.

Болгария Республикасы

100

160

16.

Венгрия Республикасы

100

150

17.

Мальта Республикасы

80

120

18.

Поляк Республикасы

100

150

19.

Словения Республикасы

100

150

20.

Ресей Федерациясы

80

220

21.

Румыния Республикасы

100

155

22.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі

100
100

260
245

23.

Словак Республикасы

100

150

24.

Германия Федеративтік Республикасы

100

200

25.

Финляндия Республикасы

100

200

26.

Француз Республикасы

100

280

27.

Чех Республикасы

100

150

28.

Эстон Республикасы

100

150

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады