Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне толықтыру мен өзгеріс енізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 356/48-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 2 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 636 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 05 мамырда 326 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда № 62-63 "Астана хабары", 2004 жылғы 22 мамырда № 63-64 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген, абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидаларында:

      11-тарау келесі мазмұндағы 131-1 тармағымен толықтырылсын:

      "131-1. Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары мектеп аумақтарын абаттандыруды жүзеге асырады. Мектеп аумақтарын абаттандыру жөніндегі шығыстар тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген қаражат шегінде жүзеге асырылады.";

      132-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Астана қаласы


мәслихатының төрағасы

Ю. Келигов

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

В. Редкокашин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады