Астана қаласының жекелеген көшелеріне және саябағына атау беру және кейбір көшелерді қайта атау туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 мамырдағы N 76 қаулысы және мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 360/48-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 3 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 637 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына, сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 12 және 2010 жылғы 25 мамырдағы № 13 шешімдері негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Төмендегі көшелерге:
      «Алматы» ауданы бойынша:
      жобалау атауымен № 23-21 көше - Ахмет Байтұрсынұлы көшесі деп;
      «Есіл» ауданы бойынша:
      жобалау атауымен № 30 көше – Тұрар Рысқұлов көшесі деп;
      Жұмабек Тәшенов көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы саябаққа – «Ататүрік» саябағы деп атау берілсін.
      2. Төмендегі көшелер:
      «Алматы» ауданы бойынша:
      Р. Қошқарбаев көшесі - генерал Сабыр Рақымов көшесі деп;
      «Есіл» ауданы бойынша:
      Шалқыма көшесі - Амман көшесі деп;
      «Шұбар» тұрғын алабында:
      Южный көшесі - Сейітқали Меңдешев көшесі деп;
      Солнечный көшесі - Жиембет жырау көшесі деп;
      Р. Қошқарбаев көшесі - Қаратай Тұрысов көшесі деп;
      Новостроительный көшесі - Александр Княгинин көшесі деп;
      «Сарыарқа» ауданы бойынша:
      Ахмет Байтұрсынов көшесі - Күләш Байсейітова көшесі деп қайта аталсын.
      3. Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
      4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі            Астана қаласы мәслихаты
                                          сессиясының төрағасы
      И. Тасмағамбетов                        Ю. Келигов

                                             Астана қаласы
                                          мәслихатының хатшысы
                                            В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады