Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 29.08.2013 № 5С-16-10 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұсынылып отырған жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізудің және шешімдер қабылдаудың Ережелері бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Ө.Мұсабаев
Ақмола облыстық мәслихатының
12.02.2010 жылғы № 4С-20-12
шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізудің және шешімдерді қабылдаудың Ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдерді қабылдаудың ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жергілікті қауымдастықпен Ақмола облысының аумағында жиналысты (жиынды) өткізу және шешімдерді қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Жергілікті қауымдастықтың жиналысы (жиыны) (бұдан әрі – жиналыс (жиын)) әкімшілік-аумақтық бірліктің аймағында тұратын халықтың еркін тікелей білдіру нысанының бірі болып табылады және жергілікті қауымдастықтың мәселелерін қарастыру үшін өткізіледі.
2. Жиналысты (жиынды) дайындау және өткізудің тәртібі
3. Жиналыс (жиын) өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережелерді басшылыққа алады.
4. Жиналыс (жиын) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және (немесе) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің кем дегенде 10 пайыз тұрғындарының бастамасымен өткізіледі, ол кем дегенде 10 адамнан тұратын бастамашы топтың құрамын (бұдан әрі – бастамашы топ) анықтайды.
5. Жиналысты (жиынды) ұйымдастыру және өткізу жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе бастамашы топқа жүктеледі.
6. Жиналысты (жиынды) өткізу туралы хабарландыру өткізілетін күні, орны, қарауға енгізілетін мәселелер, бастамашы топ туралы мәліметтер көрсетіліп, жиналыс өткізілгенге дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе жергілікті қауымдастықтың назарына мүмкін болатын басқа да қолжетімді тәсілмен жеткізіледі.
7. Жиналыс (жиын) қажеттілігіне қарай шақырылады. Жиналыс (жиын) сәйкес аумақ тұрғындарының жартысынан кем емес бөлігі қатысқан жағдайда құқылы деп саналады.
8. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) шақыруда қиындықтар туындаған жағдайда, әкімшілік-аумақтық бірліктің құраушы бөліктерінің жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиналыстарын (жиындарын) өткізуге болады. Бұл жағдайда сәйкес аумақтағы халықтың пікірін білу үшін, жалпы нәтижелерді анықтау әкімшілік-аумақтық бірліктің құраушы бөліктерінің жергілікті қауымдастық мүшелері жиналыстарының (жиындарының) шешімдерін қорыту арқылы жүзеге асырылады.
9. Жиналысты (жиынды) ашу алдында қатысушылар мен шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.
10. Жиналысты (жиынды) жүргізу үшін ашық дауыспен төраға және хатшы сайланады. Жиналысты (жиынды) өткізудің күн тәртібі, регламенті жиналысқа (жиынға) қатысушылардың қарапайым көпшілік дауыс беруімен бекітіледі.
11. Жиналыстың (жиынның) хатшысы жиналыстың (жиынның) хаттамасын жүргізеді, онда міндетті түрде келесі мәліметтер болуы тиіс: жиналысты (жиынды) өткізудің күні мен орны, жиналысқа (жиынға) қатысушы тұрғындар үйлерінің мекенжайлары, жиналысқа (жиынға) қатысушылардың саны, шақырылғандар мен сөз сөйлеушілер туралы мәліметтер, сөйленген сөздердің мазмұны, дауыс берудің нәтижелері және қабылданған шешімдер.
12. Хаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылады, оны өткізген күннен бастап үш күннен кешіктірмей жиналыстың (жиынның) төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды.
3. Жиналыстың (жиынның) шешімдері
13. Жиналыстың (жиынның) шешімі жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиналысқа (жиынға) қатысқандарының қарапайым басым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Дауыстардың тең болуы жағдайында жиналыс (жиын) төрағасының пікірі шешуші деп есептеледі. Жиналыстың (жиынның) белгілі бір мәселе бойынша жасырын дауыс беру туралы шешім қабылдауына болады. Бұл жағдайда оның қатысушылары есеп комиссиясын сайлайды.
14. Жиналыста (жиында) қабылданған шешімдер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жiберiлуi мүмкiн, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, немесе жергілікті қауымдастықтың назарына басқа қолжетімді тәсілмен жеткізіледі.
15. Жиналыстың (жиынның) қабылдаған шешіміне өзгерістер мен толықтырулар тек жиналыстың (жиынның) шешімімен ғана енгізіледі.
16. Қабылданған шешімдермен келіспеген жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануы мүмкін.