Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы"

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № А-8/305 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 3371 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
      «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігінің «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда «Арқа ажары» газетінде және 2008 жылғы 20 мамырда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен  толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесінде:
      реттік нөмірі 49-жолында «№ 1 жатын корпусының ғимараты» сөздері «№ 1 негізгі тұрғын үй корпусы» сөздерімен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 50-жолында «№ 2 жатын корпусының ғимараты» сөздері «№ 2 шлактан құйылған корпус» сөздерімен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 52-жолында «әкімшілік–шаруашылық ғимараты» сөздері «әкімшілік–шаруашылық корпусы» сөздерімен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 27, 85-жолдары алынып тасталсын;
      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 161-166 жолдарымен толықтырылсын:

161

Қойма ғимараты

Астрахан ауданы, Первомайка с.

«Астрахан ауданының Первомай селолық округі әкімінің аппараты» ММ

162

Автотұрақ ғимараты

Астрахан ауданы, Первомайка с.

«Астрахан ауданы Первомай селолық округі әкімінің аппараты» ММ

163

Күрке

Астрахан ауданы, Первомайка с.

«Астрахан ауданы Первомай селолық округі әкімінің аппараты» ММ

164

Көкөніс қоймасы

Астрахан ауданы, Первомайка с.

«Астрахан ауданы Первомай селолық округі әкімінің аппараты» ММ

165

Қазандық ғимараты

Астрахан ауданы, Первомайка с.

«Астрахан ауданы Первомай селолық округі әкімінің аппараты» ММ

166

1993 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 166 КР, УАЗ 3306 автомашинасы

Көкшетау қ., Капцевич к-сі, 220

«ҚР ІІМ Ақмола облысының ішкі істер департаменті» ММ

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                   С. Дьяченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады