Егіндікөл және Ерейментау аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы № а-11/396 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қазандағы № 4С-28-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 3 желтоқсанда № 3375 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № а-9/187 қаулысы, Егіндікөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 4С-27-4 шешімі, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № а-2/78, № а-2/79 қаулылары, Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 4С-23/6-10, № 4С-23/7-10 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2010 жылғы 30 маусымдағы, 2010 жылғы 30 қыркүйектегі шешімдеріне байланысты Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атаулары қайта аталсын:
      1) Егіндікөл ауданы бойынша:
      Ұзынкөл ауылдық округінің Қазақстанның 30 жылдығы ауылы Тоғанас ауылына;
      2) Ерейментау ауданы бойынша:
      Павловка ауылдық округінің Павловка ауылы Еркіншілік ауылына;
      Павловка ауылдық округі Еркіншілік ауылдық округіне;
      Новодолинка ауылдық округінің Новодолинка ауылы Ақсуат ауылына;
      Новодолинка ауылдық округі Ақсуат ауылдық округіне.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Дьяченко

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Г.Марченкова

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады