Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 11.04.2013 № 5С-12-6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесі бекітілсін (қоса берілді).
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты
сессиясының төрағасы Г.Марченкова
Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы Ө. Мұсабаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының бастығы Ә. М.Сағитов
Ақмола облыстық
мәслихатының
2010 жылғы 27 қазанда
№ 4С-28-4 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысында ортақ
су пайдаланудың Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі Комитетінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгі ережесіне сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Облыстық мәслихат халықты экологиялық, техникалық және санитарлық-эпидемиологиялық қорғау мақсатында су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктеріне су алу, мал суару, жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындайды.
3. Суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілері иелерінің, су пайдаланушылар мен ұжымдардың (меншік түріне қатыссыз) міндеттері мен жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
2. Су объектілерін пайдалану тәртібі
4. Су объектілерін пайдалану оларға су заңнамасында көзделген сақтықпен қарау, олардың ластануына жол бермей және зиян келтірмеу жөніндегі шарттар мен талаптар сақталған мақсаттарда жүзеге асырылады.
Су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде, мал суару үшін пайдалану, ауыз сумен жабдықтаудың су көздерін санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және суару аланшаларының құрылғылары бар болғанда жол беріледі.
5. Жеке немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су айдындарында, ортақ су пайдаланудың осы Ережемен бекітілген талаптары ескеріледі.
6. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатының жариялау үшін жеке немесе бірлесіп су пайдалануды жүргізетін су пайдаланушы облыстың жергілікті өкілді органдарына оларды қабылдаудың қажеттігі негізделген өтінім тапсырады.
7. Облыстық мәслихат суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекен-жайы болып табылатын су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қояды.
8. Бұқаралық ақпарат көздері арнайы ақпараттық белгілермен немесе басқа тәсілмен тұрғындарға шомылудың және ортақ су пайдаланудың басқа шарттарын шектеу туралы хабарландырады.
9. Бекітілмеген су объектілерінде осы Ережені бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттарды орнатуды аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдары қамтамасыз етеді.