Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № А-7/1097 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 тамыздағы № 1-1-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы № А-6/1250 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011.06.16 № А-6/1250 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18238 баптарына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № С-34/16 «Ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкаларын және лауазымдық айлықақыларын көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» шешімінің негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық) елді- мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкаларын және лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1-1-108 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 тамыздағы «Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық( елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» № А-8/1579 қаулысы күшін жойған деп есептелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары О.А.Титоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      5. Қала әкімдігінің осы қаулысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М. Батырханов

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2010.13.07 № А-7/1097
қаулысына қосымша

Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық)
елді- мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру,
білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік
ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын
жиырма бес пайызға көтеру құқығына
ие мамандардың лауазымдарының тізбесі 1. Білім беру мамандарының лауазымы:
 

      директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиешісі, медицина бикесі, өндірістік оқытудың шебері, алғашқы әскери дайындықтың жетекшісі, аға жетекші, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымы:

      әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер.

3. Мәдениет мамандарының лауазымы:

      директор, директордың орынбасары, көркем сурет жетекшісі, хореограф, әдіскер, дыбыс жөніндегі техник, кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады