Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010.11.01 № А-11/242 қаулысымен
РҚАО-ның ескертпесі.
Қолданысқа енгізу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының,6-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Парламентіне, Ақмола облыстық және Ақкөл аудандық мәслихаттарға үміткер депутаттардың үгіт-насихат басылған материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы» 2007 жылғы 29 маусымдағы № А-6/214 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-3-71 тіркелген, 2007 жылғы 13 шілдеде аудандық «Ақкөл өмірі» и «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
4 |
Ақкөл ауданының селолық округтері мен селоларының орталықтары |
Орталығы |
ЖШС-тің, ФАП-дің, ОДА мен ФП-дің ғимараттары (келісім бойынша) |
аталған қаулының қосымшасынан кейінгі жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
5 |
Ақкөл қаласы |
Луганская көшесі, 6 |
Ақмола облыстық білім Басқармасының «№ 10 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты (келісім бойынша) |
2. Осы қаулының қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Қанатоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа түседі.
Ақкөл ауданы әкімі А. Үйсімбаев
КЕЛІСІЛДІ
Ақмола облыстық білім
Басқармасының «№ 10
кәсіптік лицейі»
мемлекеттік мекемесінің
директоры Дүйсекенов А.С.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Нұрымов Ж.Х.
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «4» қазан № А-10/232
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламентіне, Ақмола облыстық
және Ақкөл аудандық мәслихаттарға үміткер
депутаттардың үгіт-насихат басылған материалдарын
орналастыруға арналған орындар
№ р/с |
Елді мекен атауы |
Орналасқан жері |
Орналастыруға арналған нысандар атауы |
1 |
Ақкөл қаласы |
Нұрмағамбетов және Бегелдинов көшелерінің қиылысы |
Қалалық хабарландыру тақтасы |
2 |
Ақкөл қаласы |
Нұрмағамбетов көшесі, 116 |
«Қазпошта» АҚ-ның аудандық пошта байланысы торабының ғимараты |
3 |
Ақкөл қаласы |
Нұрмағамбетов көшесі, 176 |
«ҚР АШМ-нің ашт ПЖЗО» МЕК ғимараты |
4 |
Ақкөл ауданының селолық округтері мен селоларының орталықтары |
Орталығы |
ЖШС-тің, ФАП-дің, ОДА мен ФП-дің ғимараттары (келісім бойынша) |
5 |
Ақкөл қаласы |
Луганская көшесі, 6 |
Ақмола облыстық білім Басқармасының «№ 10 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты (келісім бойынша) |
Аббревиатуралардың мағынасы:
АҚ – акционерлік қоғам;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт;
ОДА – отбасылық-дәрігерлік амбулатория;
ФП – фельдшерлік пункт;
«ҚР АШМ-нің ашт ПЖЗО» МЕК – «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ауыл шаруашылығы техникаларын Пайдалану және Жөндеу жөніндегі Зерттеу Орталығы» мемлекеттік еншілес кәсіпорны.