Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 05.11.2014 № 3-8-1/И-1033 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелерімен сәйкес, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Ақмола облысы Ақкөл аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылында жасы он жетіге толатын, 1994 жылы туған, еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Ақкөл ауданы әкімінің «2010 жылғы қаңтар-наурызда тіркеу жылында жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 1 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-131 тіркелген, 2010 жылғы 12 ақпанда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газетерінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
4. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Үйсімбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Ақмола облысы Ақкөл аудандық
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Нұрмағамбетов