2011 жылға жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № А-12/298 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қаңтарда № 1-3-151 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 3-8-1/И-1033 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 05.11.2014 № 3-8-1/И-1033 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақтың 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5 –тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақкөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады