Аршалы кентіндегі көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кенті әкімінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 29 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 сәуірде № 1-4-167 тіркелді

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Аршалы кентіндегі 2010 жылғы 22 қаңтардағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Аршалы кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы кентіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - Жеңіс атауы,
      № 2 көшеге - Достық атауы,
      № 3 көшеге - Бейбітшілік атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы кентінің әкімі                      Г.Ахимова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аршалы ауданының «Сәулет
      және қала құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің бастығы              А.Т.Ибраев

      «Аршалы ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің бастығы              Л.А.Гросс

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады