Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 26/8 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 мамырда № 1-4-169 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 36/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 15.03.2011 № 36/3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) ауданда өмірдің қиын жағдайларына тап болған, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, ауданда тұрақты тұратын отбасылар (азаматтар), өтініштері бойынша;
      2) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларына, стационарлық емделуге мұқтаж немесе медициналық мекемелерде тексеруден өтуге және медициналық қорытындысы бар отбасыларға;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген, тыл еңбеккерлеріне, жауынгер - интернационалистерге, Чернобыль атомдық электростанция зардабын жоюға қатысқандарға, мүгедектерге, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедегінің, қайта некеге тұрмаған, әйеліне (күйеуіне), Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қатысушысының әйеліне (күйеуіне), мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мемлекеттік мерекелерге, «Мать-героиня» орденімен және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен марапатталған көпбалалы аналарға;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне:
      ай сайын коммуналдық төлем жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің есебінен 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) қарттар мен мүгедектер күнін атап өту кезінде толық мемлекеттік қамтамасыз етуді тұлғалардан басқа, барлық санаттағы мүгедектер мен зейнеткерлерге;
      6) төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға, өтініштері бойынша;
      7) ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 1,0 мөлшерінде күнкөрісі төмен азқамсызданған азаматтарға;
      8) «Аршалы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медициналық қортындысы негізінде айлық есептік көрсеткішінің мөлшеріне онкологиялық ауруларға, туберкулез, қант ауруларымен ұзақ емделетін азаматтарға;
      9) бұрынғы жасы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына – жеке есепшотына аудару жолымен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Аршалы аудандық бөлімшесінен берілген тізімдердің негізінде коммуналдық төлем жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      10) Аршалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасылардың және селолық мекендегі тұратын көп балалы отбасылардың студенттеріне білім беру мекемесімен түзілген келісім шарты және оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2010.07.28 № 29/7 (қолданысқа енгізу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен
      2. Уәкілетті орган – «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етеді.
      3. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастар негізде таралады.
      4. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрағасы                                   П.Рубасов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Аршалы ауданының
      әкімі                                      Е.Маржықпаев

      «Аршалы ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарлама
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б.Сыздыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады