Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 15.03.2011 № 36/3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының «Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 26/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-4-169 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2010 жылғы 1 шілдеде аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ 10) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«10) Аршалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасылардың және селолық мекендегі тұратын көп балалы отбасылардың студенттеріне білім беру мекемесімен түзілген келісім шарты және оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде».
2. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы М.Сүлейменов
Аршалы аудандық
мәслихаттың хатшысы Ю.Сериков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Е.Маржықпаев
«Аршалы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарлама
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Сыздықова