2010 жылға арналған селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 29/6 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 тамыздағы № 1-4-174 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы № 35/8 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011.02.09 № 35/8 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Аршалы аудан әкімінің 2010 жыл 11 мамырдағы № 01-02-23/418 хатына қарастырып, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тен сомада көтерме жәрдемақы және алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2010 жылға әлеуметтік қолдау шаралар ұсынылсын.
      2. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Сулейменов

      Аршалы аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ю. Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аршалы ауданының әкімі                     Е. Маржықпаев

      «Аршалы ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т. Чернова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады