Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 22.08.2014 № а-8/359 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету (әрі қарай – материалдық қамтамасыз ету) көрсетілсін.
2. Белгіленсін:
1) материалдық қамтамасыз ету «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі–ММ) психологтік-медиктік-педагогикалық консультациясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы құжаттарын тапсыру айынан бастап берілді;
2) материалдық қамтамасыз ету жыл ішіндегі тоқсандықтарға алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде және он сегіз жасқа толмаған әрбір мүгедек балаға тағайындалады;
3) материалдық қамтамасыз ету төлемі қаржыландырудың түсуіне қарай мерзімі өткен тоқсанда жүргізіледі. Материалдық қамтасыз етудің төлемін тоқтатуға әкеліп соғатын міндеттер туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың өлімі, мүгедектің алуына) төлем тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен бөлінген ақшалай қаржының дер кезінде игерілуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
5. Аудан әкімдігінің осы қаулысы әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров