Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, халық пікіріне сәйкес, Старый Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1.Зареченка, Қоскөл, Ковыленка ауылдарының көшелеріне атаулар берілсін:
Зареченка ауылына - Достық атауы;
Қоскөл ауылына - Жапархан Асаинов атындағы атауы;
Ковыленка ауылына Аманжол Шалтаев атындағы атауы.
2.Старый Колутон ауылының көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Набережная көшесі - Кенесары атындағы көшесіне;
Ленин атындағы көшесі - Абай Құнанбаев атындағы көшесіне;
Войтенко атындағы көшесі - Бөгенбай батыр атындағы көшесіне;
Попов атындағы көшесі - Дінмұхамед Қонаев атындағы көшесіне;
Матросов атындағы көшесі - Әл - Фараби атындағы көшесіне;
Семибратов атындағы көшесі - Бауыржан Момышұлы атындағы көшесіне;
Победа көшесі - Жеңіс көшесіне;
Чапаев атындағы көшесі - Желтоқсан көшесіне;
50 лет Октября көшесі - Жамбыл Жабаев атындағы көшесіне;
Савченко атындағы көшесі - Балуан Шолақ атындағы көшесіне.
3.Осы шешімнің орындалуын бакылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Старый Колутон ауылдық округінің әкімі |
В.Крапивко |
“КЕЛІСІЛДІ”
Астрахан ауданының “Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы |
М.Сексенбаев |
Астрахан ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлемі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Н.Герасимова |