Алғабас, Бұлақты, Ұзынкөл, Қайнар ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 тамызда № 1-6-136 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің 07.02.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Ұзынкөл ауылдық округінің ауылдарының көшелеріне атаулар берілсін:
      Алғабас ауылының көшесіне Уахит Құрманғожин атындағы атауы;
      Бұлақты ауылының көшесіне Юрий Гагарин атындағы атауы;
      Ұзынкөл ауылының көшесіне Целинная атауы;
      Қайнар ауылының № 1 көшесіне Абылайхан атындағы атауы;
      Кайнар ауылының № 2 көшесіне Луговая атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ұзынкөл ауылдық
округінің әкімі
Ж.Мухамеджанов

      КЕЛІСІЛДІ
      Астрахан ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" Мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М.Сексенбаев
      Астрахан ауданының
"Сәулет және қала
құрылысы бөлімі" Мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Н.Герасимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады