Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № а-10/371 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Бұланды ауданы әкімдігінің "Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № а-02/31 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-76 тіркелген, 2009 жылғы 1 мамырда "Бұланды таңы", "Вести Бұланды жаршысы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | Н.Нұғыманов |