Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № А-01/11 "Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қазандағы № а-10/371 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қарашада № 3871 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № а-04/111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 14.04.2016 № а-04/111 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұланды ауданы әкімдігінің "Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы № А-01/11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-108 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанда "Бұланды таңы" және "Вести Буланды" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бұланды ауданының әкімі М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады