Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Казақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Карамышев селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шұбарағаш ауылының көшелері қайта аталсын.
Советская көшесі – Мұхтар Әуезов атындағы көшеге;
Степная көшесі – Абай атындағы көшеге;
Строительная көшесі – Шоқан Уәлиханов атындағы көшеге;
Мира көшесі – Достық көшесіне;
Центральная көшесі – Абылайхан атындағы көшеге;
Приозерная көшесі – Ғабит Мүсірепов атындағы көшеге;
Школьная көшесі – Мектеп көшесіне;
Садовая көшесі – Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеге.
2. Отрадное селосының, Суворовка селосының, Мат ауылының көшелеріне атаулар берілсін.
Отрадное селосында:
№ 1 көшеге – Речная атауы;
№ 2 көшеге - Сельская атауы;
№ 3 көшеге - Центральная атауы;
№ 4 көшеге - Больничная атауы;
№ 5 көшеге - Конторская атауы;
№ 6 көшеге - Клубная атауы;
№ 7 көшеге - Школьная атауы;
№ 8 көшеге - Иван Скуридин атындағы атауы;
№ 9 көшеге - Степная атауы.
Суворовка селосында:
№ 1 көшеге - Центральная атауы.
Мат ауылында:
№ 1 көшеге - Мектеп атауы;
№ 2 көшеге - Амангелді Иманов атындағы атауы.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Карамышев селолық
округінің әкімі М.Д.Шәріпов
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С.Е.Аймағамбетова
Бұланды ауданының
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Р.Қ.Әбділдина