Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2011.02.09 № А-02/24 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (1жылдан астам);
2) 29 жасқа дейінгі жастар;
3) жұмыс істейтін адамы жоқ отбасыларында;
4) кәмелетке толмаған балаларды тарбиелеп отырған әйелдер;
5) маусымдық және уақытша жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шығарылған тұлғалар;
6) жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер.
2. «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қосымша мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Нұғыманов