Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № А-6/130 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 шілдедегі № 1-8-97 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № А-3/56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2011.03.10 № А-3/56 қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру туралы» 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған, оқу орындарынан шығарылған және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық әскерге комиссияның құрамын 1 қосымшаға сәйкес құрылсын және бекітілсін.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2010 жылдың сәуірде- маусымда және қазан-желтоқсанда, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулының іс-әрекеттері 2010 жылдың 15 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
      6. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданы әкімі                     Б. Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысы Астрахан
      ауданының қорғаныс істер
      бойынша бірлескен бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С. Кантемиров

      КЕЛІСІЛДІ

      «Қазақстан Республикасының
      ішкі істер Министрлігі
      Ақмола облысы ішкі істер
      департаменті Егіндікөл ауданының
      ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т. Сақанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасының жанындағы
      «Егіндікөл орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері        Т. Ахмедов

Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 маусым № А-6/130
қаулысына 1 қосымша

Аудандық әскерге шақыру
комиссиясының құрамы

Кантемиров Сергей Юрьевич

- «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Ысқақова Жанат Советқызы

- Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Борин Ардақ Зейноллаұлы

- «Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Тасқынбай Темір-Болат Тасқынбайұлы

- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Пистоль Римма Аркадьевна

- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 маусым № А-6/130
қаулысына 2 қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу кестесі 2010 жылдың
сәуірде- маусымда және қазан-желтоқсанда

р/н

Атауы

Комиссияның жұмыс қүндері және шақырушылардың саны

07.04

08.04

09.04

19.10

20.10

25.10

26.10

27.10

1

Абай ауылы

6





6

6


2

Спиридоновка ауылы


16






15

3

Алакөл ауылдық округі

15







20

4

Бауман ауылдық округі

16







12

5

Буревестник ауылы


0





5


6

Егіндікөл ауылы



33

50

50




7

Жалманқұлақ ауылдық округі


16




15



8

Қоржынкөл ауылы

9






10


9

Ұзынкөл ауылдық округі



14



25

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады