Ескерту. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 495 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы Егіндікөл ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт бойы (жылдан артық) жұмыс істемейтіндер;
24 жасқа дейінгі жастар.
2. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «2010 жылы Егіндікөл ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгілеу туралы» 2010 жылғы 16 маусымдағы № а-6/124 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-8-96 тіркелген, аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде 2010 жылғы 28 маусым – 5 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі Б.Сұлтанов