Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Өлеңті селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Өлеңті селосының көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Студенческая көшесі Тоқмағанбет Хазрет атындағы көшеге;
Целинная көшесі - Тың көшесіне;
Пионерская көшесі - Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне;
Советская көшесі - Қапбас Жаниев атындағы көшесіне;
Мира көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
Ленина және Дружба көшелерінің бірлесу жолымен - Тәуелсіздік көшесіне;
Приозерная көшесі - Достық көшесіне.
2. Өлеңті станциясы көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшесі - Қаныш Сатбаев атына;
№ 2 көшеге - Жастар атауы берілсін.
3. Қоржынкөл станциясы көшесіне атау берілсін:
№ 1 көшесі - Саққұлақ Би атына.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өлеңті селолық
округінің әкімі Б.Т.Хосыбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ерейментау ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.Б.Әдірешев
«Ерейментау ауданының
сәулет және қалақұрылысы
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н.К.Бәтенов