Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010.12.28 № А-11/377 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 7 бабының 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 31 бабының 1 тармақшасына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға мүгедектер ұшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің «2009 жылы Еңбекшілдер ауданының аумағында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» 2009 жылғы 01 сәуірдегі № а-4/54 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің тізілімінде № 1-10-85 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Ж.Шәуеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының
әкімі Т.Хамитов