Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің «2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 13 қаңтардағы № А–1/2 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-10-109 тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2010 жылғы 20 ақпанда аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т.Хамитов