Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5-1 тармақшасына, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 6 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, тұрғындар пікірлерін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы Свердлов көшесі Алпысбай Жақыпов атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т.Хамитов
Еңбекшілдер аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы Қ.Хамзин
Еңбекшілдер аудандық
мәслихатының хатшысы М.Исажанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
жанындағы ономастика және
тілдер саясаты жөніндегі
комиссияның төрағасы Қ.Шаяхметов
Ақмола облысы
Еңбекшілдер аудандық
«Сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Абдрахманов