Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмфс түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № А-6/195 қаулысы. Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқарсында 2010 жылғы 9 шілдеде № 1-11-120 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № а-2/74 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.02.2015 № а-2/74 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық – атқару кодексінің 30 бабына және  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталғандарға жұмыстан немесе оқудан бос уақытта қосымшада көрсетілгендей тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері белгіленсін.
      2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К Ағымбаеваға жүктелсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       С.Ерин

Есіл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «21» маусым № а-6/195
қаулысына қосымша

Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыс түрлері

      1. Аумақты мұздан тазарту
      2. Аумақты қардан тазарту
      3. Аумақты қоқыстан тазарту
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту
      5. Аумақты арам шөптерден тазарту
      6. Ағаштарды кесу, ағарту, отырғызу
      7. Қоршауларды жөндеу және бояу
      8. Ғимараттарды ақтау, бояу
      9. Гүл клумбаларын бөлу
      10. Көгал алаңды қайта қазу
      11. Құрылыс қоқыстарын жинау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады