Жалға алу үйлеріндегі төленетін жалдау мөлшерінің көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № А-7/203 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 тамыздағы № 1-12-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № А-13/352 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2011.12.14 № А-13/352 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңның 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министірлігінің 2008 жылы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген жалдау ақысын есептеу әдістемесі негізінде, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарқайың ауданының жалға алу үйлеріндегі төленетін жалдау мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары М.Қ Жүнісовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Жарқайың ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

Жарқайың ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «19» 07 № А-7/203
қаулысына қосымша

Жалға алу үйлеріндегі 1 шаршы метрге төленетін жалдау
мөлшерінің есебінен жалға алу төлемінің көлемі

      Жалға алу үйлеріне төленетін жалдау төлемінің есебі кезінде, келесі көрсеткіштер қолданылады:
      А-жалға алу үйлеріне төленетін жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр теңге;
      Ц-мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрінің құрылысының (алуының) құны;
      Т-үйдің қызметтік есептік мерзімі, жыл;
      Р-пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне қажетті төлемнің сомасы, айына 1 шаршы метр теңге, келесі формула бойынша анықталады:

Р=Г/12/Еп

      Г жерінде-жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне, теңге/жыл
      Еп-тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр
      Жалға алу үйлеріндегі жалдау мөлшерінің көлемі 1 айға келесі формула бойынша есептелінеді:

А=Ц/Т/12+Р

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады