Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Жақсы селосының Станционная көшесін тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ауыл әкімі ШЕШТІ:
1. Жақсы селосындағы Станционная көшесін Сейітжан Жакупов атындағы көшеге өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы селосының әкімінің
міндетін атқарушы А.А.Томас
КЕЛІСІЛДІ:
«Жақсы ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы З.С.Ташмухамбетова
«Жақсы ауданының сәулет
және қала құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Ю.Васильев