Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар – наурызында тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д.Бралинаға жүктелсін.
3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Акмола облысы Жақсы ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Мельников