2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 39 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 ақпанда № 1-14-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 559 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010.12.29 559 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Зеренді ауданы әкімдігінің «2009 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-90 тіркелген, 2009 жылы 27 қаңтарда «Зеренді» газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады